Talim School — тереңдетілген Математикажәне Ағылшын тілі бағыттары арқылы оқушыларды логикалық, тілдік және академиялық тұрғыдан жаңа деңгейге шығаратын мектеп. Біз оқушылардың сапалы білім алуы үшін жоғары білікті педагогтар құрамын, заманауи инфрақұрылымдыжәне авторлық білім беру бағдарламаларын ұсына отырып, ең қолайлы ортаны құрамыз.
Біз білім беруде тек мазмұнға емес, оны жеткізу әдісіне де мән береміз.Нәтижесінде — оқушы біліммен ғана емес, тұлғалық және зияткерлік дайындықпен өмірге қадам басады.
650
[ Оқушыға арналған ]
12–18
[ сыныптағы оқушы саны ]
600 м2
[ Спорт зал және Жазғы стадион ]
195 м2
[ Асхана ]
12 +
[ Үйірмелер саны ]
20+
[ бейнебақылау камерасы ]
Тұлға дамуының үш бағыты
Talim School— баланың тек білімін ғана емес, жан-жақты болмысын дамытатын кеңістік. Біз әр баланың ерекшелігін ескере отырып, даму бағытын үш негізгі салаға бөлеміз: шығармашылық, интеллектуалдық және спорт.
Бала — шығармашылық арқылы өз ойын, эмоциясын, қиялын білдіреді. Көркем өнер, қолданбалы шығармашылық, актерлік шеберлік, қолөнер — бәрі бала бойындағы эстетикалық сезімді, дарынын ашады. Ол тек сурет салмайды — дүниені өз көзқарасымен бейнелейді.
Дене белсенділігі — мықты денсаулықтың ғана емес, ерік-жігер мен тәртіптің кепілі. Футбол, дзюдо, гимнастика, волейбол, бассейн, садақ ату сынды спорт түрлері арқылы бала көшбасшылықты, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты дамытады. Сау денеде — сенімді, мықты тұлға өседі.
IT, робототехника, шахмат, менталды арифметика, логикалық ойындар мен тілдер — балада жүйелі ойлау, зейін, аналитикалық қабілет пен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады. Интеллектуалды бағыт — әлемді түсініп, өз орныңды табуға үйрететін жол.
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БАҒЫТ
Talim School Инста-Сериал
https://www.youtube.com/watch?v=z0wqDoVhHMU; Инста-Сериал 1 бөлім
Talim School үйірмелері
Бұл жай уақыт өткізу емес, баланың болмысын ашуға, дарынын дамытуға арналған бағыттар жиынтығы. Біз әр оқушының қызығушылығын байқап, өз жолын табуға мүмкіндік береміз.
Домбыра
Ұлттық мәдениетпен үндесетін күй өнері арқылы есту, ритм және көркемдік ойлау дамиды.
Шахмат
Талдау, стратегия, логикалық ойлау мен зейін қабілетін дамытатын интеллектуалдық спорт.
Робототехника
Техникалық ойлау, логика мен шығармашылықты үйлестіретін болашақ бағыты.
Дзюдо
Ерік-жігерді, тәртіпті, төзімділікті және өзін-өзі қорғау дағдысын дамытады.
Футбол
Командалық рух, шапшаңдық, көшбасшылық пен тәртіпке тәрбиелейді.
Волейбол
Ұжымда ойнау, серіктестік және дене белсенділігі арқылы күш пен үйлесімділік дамиды.
Бассейн
Суда жүзу – тек спорт емес, дене мен тынысты үйлестіру, еркіндік пен шыдамдылықты дамыту.
Гимнастика
Сымбаттылық, дене икемділігі мен үйлесімді қозғалыс мәдениетін дамытады.
Би өнері
Қимыл, ырғақ, сахнада өзін ұстау және эмоцияны жеткізу арқылы шығармашылықты дамытады.
Қыш құмыра жасау
Тактильді дағды, шыдамдылық пен қол моторикасын дамытатын көзе өнері.
Сурет салу
Баланың ішкі дүниесін ашуға, түс, пішін мен қиялды үйлестіруге көмектеседі.
Қолөнер
Кесте тігу, тоқу, тігін, әшекей жасау арқылы ұқыптылық, шеберлік пен шығармашылық қалыптасады.
Мектебіміздің артықшылықтары
Оқушы үйге сабақтан шаршап емес, жеңіл, тыныш көңіл-күймен қайтады. Отбасылық уақыт — баланың басты тірегі.
Үй тапсырмасын мектепте орындау
Бұл – мұғалімнің әр балаға жеке көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Біз «орташа» бала жоқ деп санаймыз – әр бала ерекше.
Сыныптарда 12–18 оқушы
Біз мұғалімдерді ерекше талаптармен іріктеу арқылы ғана қабылдаймыз. Біз үшін мұғалім — тек пәнді үйретуші емес, оқушының жолсерігі, бағыт беруші тұлға.
Білікті әрі тәжірибелі мұғалімдер
Спорт, шығармашылық, ғылым, қолөнер. Біз баланың неге жақын екенін өзінің таңдауына мүмкіндік береміз.
12+ үйірме
Математика және ағылшын. Балаңыз болашаққа нақты дайындықпен қадам басады.
Тереңдетілген пәндер
Біз үшін тек тойдыру емес, дұрыс тамақтандыру маңызды. Балалар теңгерімді, халал, пайдалы тамақпен қамтылады.
3 мезгіл адал ас
Соңғы жаңалықтар
Мектеп өміріндегі маңызды сәттерді бірге бақылаңыз. Бұл бөлімде Talim School-дағы соңғы жаңалықтар, жетістіктер, іс-шаралар мен ерекше жобалар туралы ең өзекті ақпаратпен таныса аласыз.
Мектеп әкімшілігі және ұстаздар
Мектебіміздің әкімшілік құрамы мен ұстаздар ұжымы –өз ісінің шеберлері, үздік тәжірибе иелері және шынайы жанашырлықпен жұмыс істейтін тұлғалар. Ұжымымыз – баланың сенімін, ата-ананың үмітін және елдің болашағын арқалаған ұстаздар қауымы.
Фото галерея
Talim School-дағы шынайы сәттер, ұмытылмас іс-шаралар мен қуанышты жүздер осы жерде жинақталған. Talim School-дың ішкі әлемімен жақынырақ танысыңыз.
Мектебіміз туралы толық ақпарат алғыңыз келсе
Төменде есіміңіз бенбайланыс нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.
Бізбен байланыс
Talim School-ға экскурсия жасап, оқу үдерісі мен мектеп атмосферасын өз көзіңізбен көріңіз. Біз сізді қуана қарсы аламыз!
Қабылдау комиссиясы:
+7 (707) 785 04 04
Электронды пошта:
talimschool2023@gmail.com
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – Жұма, 08:00 – 17:00
Мекенжайымыз:
Алматы қаласы, Сәттілік көшесі, 10 2GIS сілтемесі: Картаны ашу